Шымкентте басқарманың бұрынғы басшысына жаза тағайындалды

0
743

Сот 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.


Шымкентте басқарманың бұрынғы басшысына жаза тағайындалды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевқа жаза тағайындалды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.


"Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Айта кетейік, мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтаған болатын", делінген хабарламада.