Шымкентте "басшылықтан қысым көрдік" деген полицейлер президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
“ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Еліміздегі Ішкі Істер органдарындағы “ескі жүйе” жемісі - қордаланған сыбайлас жемқорлық ордалары жайлы үнемі көтеріп келемін.
Шымкент қаласының тәртіп сақшылары ҚР Конституциясының кепілі ретінде өзіңізге сенім артып, көмек сұрайды!
Берік Асылов мырза! Іс насырға шаппай тұрып, полиция қызметкерлерінің уәжіне назар аударсаңыздар дұрыс болатын еді!
Себебі формадағы жігіттер бүгін департамент алдына барып, ашық көтеріліс жасағысы келген. Мен жігіттерге басу айтып, өзім үндерін жоғарыға бүкпесіз жеткізетінімді түсіндірдім. Бұл үшін Астанадан арнайы ұшып келдім.
Енді, бұл жігіттердің бар үміті мен соңғы сенімі - Ел Президентінде! “, - деп жазды қоғам белсендісі.