Оның 58-де белгілері бар болса, 16-да белгілері жоқ.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 13 сәуір күні 74 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның 58-де белгілері бар болса, 16-да белгілері жоқ. Осы тәулікте індет жұқтырған 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 43 адам үй бақылауына алынды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 335 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 180 науқас коронавирустан, 141-і пневмониядан, ал, 14-і - ЖРВИ- дан. 19 науқастың жағдайы ауыр. Жалпы қалада коронавирус жұқтырғандар саны 7704-ке жеттi.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар. Төсек орын толымдығы 33%-ды құрайды, 675 төсек орын бос.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 336 568, тәулігіне 2065.
Бір тәулік ішінде қалада 6224 адам вакцина салдырды. I компонент-6216, II компонент- 8. Егу науқаны басталғалы барлығы 31012 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6168 адам вакцинаның екі компонентін алды.