Шымкентте газ баллоны жарылып өзбекстандық азамат күйіп қалды

0
1 865

Мұндай жағдай қазан айынан бері екінші рет болып отыр.


Шымкентте газ баллоны жарылып өзбекстандық азамат күйіп қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында Клара Цеткин көшесінде орналасқан, кафель желімін шығыратын "Әсел Текст" ЖШС-інде көлемі 50 литрлік газ баллоны жарылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарылыс салдарынан денесінің 32 пайызын күйік шалған 1963 жылы туған ер-азамат қазір ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Оқиға орнынан Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері келіп, барлығы 11 өрт сөндіру қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған. Биылғы жылдың қазанынан бері бұл Шымкент қаласы аумағында тіркелген газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан туындаған екінші жағдай.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар Департаменті газ құрылғыларын пайдаланудың негізгі ережелерін естеріңізге салады. Табиғи және баллон газдың таралуы кезінде ауада жарылғыш қауіпті қоспа пайда болады. Сондықтан да күкірт, тұтатқыш жағу, электр қосқыштарын қосу, темекі тұтату немесе ашық от алып кіру өте қауіпті! Мұның барлығы да жарылысқа әкеліп соғуы әбден мүмкін. Газдың таралуын сезсеңіз немесе қандай да бір ақауды байқасағңыз дереу 104 нөміріне хабар беріңіз. Сосын бөлме ішін желдету қажет.

Газдың ақаулы таралуын үш түрлі әдіспен анықтауға болады:

1. Сыртқы белгілеріне қарап: газ құбыры жанындағы сабынды су бетіндекөбіршіктер пайда болуы мүмкін.

2. Қатты газ шығуы кезінде ысқырық естілуі мүмкін.

3. Иісіне қарап: Газ таралуы кезінде ақау шыққан жерден иіс қатты сезілуі мүмкін.

Бірақ ашық от арқылы ақау өзегін іздемеңіз.