​Шымкентте креативті индустрия саласы дамып келеді

0
580


​Шымкентте креативті индустрия саласы дамып келеді

Шымкентте креативті индустрия саласы да дамып келеді.

Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қалалық креативті индустрия қауымдастығымен бірге Арбат демалыс аймағында жәрмеңке өткізуді қолға алған. Бұған дейін әр сенбі күні пилоттық деңгейде өткізілген жоба 3 тамыз күні ресми түрде ашылмақ. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары сатылып қана қоймай, шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде. Басқарма басшысы алдағы уақытта қалада креативті хаб ашу да жоспарда бар екенін айтты.

Кеңес отырысында қала аумағындағы санитарлық-гигиеналық нүктелер жайы да талқыланды. Кәсіпкерлер бұл мәселенің аса маңызды, туристерді алып жүруге ескеретін жағдай екенін жеткізді.
«Қала аумағында 50-ге жуық дәретхана бар. 13-і – парктерде, 37-сі – жолдардың бойында. Олардың жағдайына мониторинг жасалды, алдағы уақытта қолға алынып, мұндай нүктелер жаңартылады. Осы тұста айта кетерім, қалалық әкімдік тарапынан дәретхананы ұстап-күтуші заңды тұлғаларға ай сайын субсидия беріледі. Бірақ, өтінім берген кәсіпкер аз. Сонымен қатар, саябақтардағы, туристер көп жүретін көпшілік орындардағы ретсіз саудамен күрес те қолға алынуда», – деді қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов.
Жиын барысында, сонымен қатар, ешқандай органда тіркелмей, заңсыз жұмыс істейтін гидтермен күрес мәселесі де талқыланды. Жауапты мамандар ондай гидтер анықталған жағдайда полицияға хабар беруді ұсынып, алдағы уақытта тіркелген гидтер тізімі жаңартылатынын жеткізді.
«Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығы» ЗТжЖК бірлестігінің өкілі Ромэлла Пак жаңадан ашылып жатқан туристік агенттік иелеріне құжат алмастыру, бухгалтерияны дұрыс жүргізуді оқытуды жөн деп санайды. Айтуынша, себебі, бухгалтерлік есептердің дұрыс жүрмеуіне байланысты көптеген туристік агенттіктер жабылып, банкротқа ұшырауда. Сонымен қатар туристік операторлар мен туристік агенттіктер арасында түсініспеушіліктер бар екенін жеткізді. Осыған байланысты 5 тамыз күні туристік операторлар мен агенттіктер кездесуін ұйымдастыру туралы келісілді.
Бөлісу