Шымкентте «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0
738

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.


Шымкентте «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шараның мақсаты:

- Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;

- Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру;

- Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге ҚР психологтар лигасының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы отбасы демографиясы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби психолог Қойшиева Лимана Құттыбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі жетекшісі полиция подполковнигі Шрахметова Гүлмира Тілеуғалиқызы, , Халықаралық журналист, Болашақ бағдарламасының түлегі, Халықаралық PR және ғаламдық коммуникацияны басқару саласының магистрі GGQ&Co Халықаралық PR және медиа агенттігінің бас директоры Шойынбекова Бахыт Сейілбекқызы және «Политехникалық колледжінің» студенттері қатысты.

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.