Шымкентте өзбекстандық төрт жұмысшы көз жұмды

0
781

Қазіргі таңда, қайтыс болу себебі полиция қызметкерлерімен анықталуда.


Шымкентте өзбекстандық төрт жұмысшы көз жұмды

Шымкент қаласының индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын аумағында төрт адам қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін сағат 09:22-де Еңбекші ауданы, Қапал батыр н/з мекен-жайда орналасқан бұрынғы Фосфор зауытының аумағындағы дүңгіршектің ішінде төрт азамат қайтыс болған. Ал 1998 ж.т. азамат ауруханаға жатқызылған. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысының мәліметіне сүйенсек, объект ЖК Б.Тартаевқа қарасты, қазіргі таңда жұмыс істемейді. Қайтыс болған азаматтар осы объектінің қоқыстарын тазалау үшін жалданған.

Оқиға орнына ТЖД (5 қызметкер 2 бірлік техникасы), өрт сынақ зертханасы (2 қызметкер 1 дана техника), ПД (7 қызметкер 2 дана техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер 1 дана техника) шықты. Медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда, қайтыс болу себебі полиция қызметкерлерімен анықталуда.