Қолданылған тротуар тақтайшалары қаланы абаттандыруда қайта пайдаланылады.
Бүгінде Тәуке хан даңғылы бойында аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Плиткалардың бір бөлігі қалалық дендросаябақтағы жаяу жүргіншілер жолына қолданылған. Қалған тақтайшалар бес аудан әкімдігінің қоймаларына таратылады.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуке хан даңғылындағы осы тақтайшалар төселген тротуарлардың ұзындығы екі бағытта үш шақырымды құрайды.
Талқылаудан кейін абаттандыру кезінде плиткаларды ауыстырып, жаяу жүргіншілер аймағын тарылту туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы демеушілер есебінен жүргізіліп жатыр.