Шымкентте вакцина салдырудың маңыздылығы туралы кездесу өтті

0
231

Басқосуда азаматтық топ өкілдері қазіргі таңда өзекті болып тұрған вакцина салдыру мәселесін сөз етіп, оның адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.


Шымкентте вакцина салдырудың маңыздылығы туралы кездесу өтті

Бүгін Шымкентте вакцина салдырудың маңыздылығын насихаттайтын «Елім үшін егілемін» атты азаматтық штабтың өкілдері Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығында белсенділермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов қатысты.
Басқосуда азаматтық топ өкілдері қазіргі таңда өзекті болып тұрған вакцина салдыру мәселесін сөз етіп, оның адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.
– Елімізде екпе салдырғандар көрсеткіші бүгінгі таңда едәуір ұлғайып, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың алдында тұрмыз. Дегенмен вакцинациялауға байланысты халық арасында түрлі ақпараттар тарап жатыр. Олардың басым көпшілігі балалар вакцинасына қатысты фейк ақпараттар,- деді Е.Байтанаев
Сондай-ақ, қазіргі уақытта елімізде Pfizer вакцинасын өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатқандығына тоқтала келе, алдағы уақытта елімізге екпенің осы түрі келсе, жүкті әйелдер мен оқушылар вакциналануы мүмкін екендігін жеткізді.
Сонымен бірге кездесуде вакцина туралы таратылған кейбір жалған ақпараттарға ермей, әркімнің өз денсаулығын өзі ойлауы қажеттігі де баса айтылды.
Еркін форматта өткен жиында жастар екпеге қатысты бірқатар мәліметтер алып тарқасты.