Шымкентте жасөспірімдер арасында спорт түрлерінен арнайы іс-шара өткізілді

0
542

Іс шараға 30-дан астам жергілікті жастар мен жасөспірімдер қатысты.


Шымкентте жасөспірімдер арасында спорт түрлерінен арнайы іс-шара өткізілді

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен шалғай елді-мекенінде орналасқан жастар мен жасөспірімдер арасында спорт түрлерінен арнайы іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара шалғай ауданда орналасқан Тоғыс елдімекенінде өткізілді. Іс шараға 30-дан астам жергілікті жастар мен жасөспірімдер қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты:


- Бұқаралық спортты дамыту;

- Шалғайда орналасқан жастарды спортқа тарту;

- Жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Сондай-ақ шара барысында футбол, дойбы, шахмат спорт түрлері бойынша жарыс өткізілді. Сонымен қатар елді-мекендегі тұрғылықты жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.