Аталған түсіндіру жұмыстары №63 мектептің оқушыларының қатысуымен өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Нашақорлықтың, суицидтің алдын алу;
- Кереағар діни ағымдар мен секталардың іс- әрекеттердің
алдын алу;
- Адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру;
- АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталар, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтылды.
Аталмыш түсіндіру жұмыстары №63 мектептің оқушыларының қатысуымен өткізілді. Іс-шарада оқушылар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауаптарын алды.