Іс-шара барысында жастар арасында футболдан, шахматтан спорттық ойындар өткізілді.
Шымкент қаласында шалғай елді-мекенде орналасқан жастарға спорт түрлерінен арнайы ойындар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.K
Спорттық ойындар Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданық мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- бұқаралық спортты дамыту;
- шалғайда орналасқан жастарды спортқа тарту;
- олардың бос уақытын тиімді пайдалану;
- салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Спорттық ойындар шалғай ауданда орналасқан «Тоғыс» елді-мекенінде өткізілді. Іс-шара барысында жастар арасында футболдан, шахматтан спорттық ойындар өткізілді. Сондай-ақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойында белсенділік танытқан жас спортшылар арнайы дипломдармен марапатталды.