​Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқан төрт әйел және жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

0
1 163

Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған.


​Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқан төрт әйел және жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

Шымкент қаласында жеңгетайлықпен айналысқан төрт әйел және жеңіл жүрісті қыздар ұсталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Республика даңғылы бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйел адам жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ер адамдарға ұдайы ұсынып, оларды Айбергенов көшесі №7а үйдің 12 пәтерде болған жезөкшелікпен айналысатын төрт қызбен кездестіргені анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары полиция тарапынан жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған. Олардың жеті моншада, үш массаж салонында және екі жалдамалы пәтерлерде орын алған.