MSK-64 шкаласы бойынша қалада 2-3 балл сезілді.
Шымкентте 17- қаңтар күні сағат 02:02-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының деректері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында, 150 шақырым тереңде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 6.0. Тереңдігі 150 км. MSK-64 шкаласы бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл сезілді.
Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат жоқ.