Шымкентте жер сілкінісі тіркелді

0
668

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. MPV магнитудасы 4.6.


Шымкентте жер сілкінісі тіркелді

"Алматы" орталық сейсмикалық обсерваториясы кезекші операторының хабарламасы бойынша ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 шілде күні сағат 13:51-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.

"Жер сілкінісінің кіндік нүктесі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 574 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 42.42° С. Е. 69.98° ш. б. Тереңдігі 10 км", - делінген баспасөз хабарламасында.
Шымкент қаласының аумағы бойынша МЗК-64 шкаласы бойынша сезілетіндігі туралы мәліметтер жоқ.