Шымкентте бетперделік режим енгізілді.
Шымкенттегі барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы мегпаолис басшысы М. Әйтенов мәлімдеді.
"Адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.", - деді Мұрат Әйтенов.