Шымкенттік білікті хирург-транспантолог өз-өзіне қол жұмсаған

0
1 923

Қазақстанға танымал шымкенттік дәрігер Мәди Биғалиевтың өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.


Шымкенттік білікті хирург-транспантолог өз-өзіне қол жұмсаған

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиев өз-өзіне қол жұмсаған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өкінішке орай, суидцид фактісін Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми растап отыр. Десе де, департменттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты ақпарат толық жария етілмейтінін жеткзді.

«Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105 «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Дегенмен, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша, бұдан басқа ақпарат таратылмайды»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Күні кеше 40 жыл ғұмырын медицинаға арнап, Гиппократ антына берік жан болған, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-хирург Мәди Биғалиев ақтық сапарға аттанғанын хабарлаған болатынбыз.