Осы жылы тірі донордан алынған 6 бүйректі алмастыру отасы жасалынған.
Шымкенттік кардиологтар биыл жүрегінде ақауы бар 2235 науқасқа ота жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы жылы тірі донордан алынған 6 бүйректі алмастыру отасы жасалынған.
Трансплантологиялық операцияларды жасайтын №1 қалалық клиникалық аурухана 7 блоктан тұрады. Онда ота жасау бөлімі мен бүйрек пен бауыр алмастыратын гепатопанкреатобиларлық хирургия бөлімі орналастырылған.
Емдеу мекемесімен жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялық әдістері өндіріске ендірілуде.