Вакцина ерікті түрде және тегін салынады.
Шымкентте вакцинациялаудың екінші кезеңі наурыз айында басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжанның қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Оның айтуынша, Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты және вакцинациялаудың бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын мәлімдеді.
Айтуынша, мегаполисте бүгінге дейін 1000 адамға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салынған. Вакцина алғандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуұйымдары,медициналық жедел жәрдем көрсету мекемелері, инфекциялық ауруханада,санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері. Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілді. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың ешқандай шағымы жоқ, денсаулықтары жақсы. Вакцинацияланғандар арасында екпеден кейін асқынулар тіркелмеген.
Қалада вакцинациялаудың екінші кезеңі наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр. Вакцинациялаудың екінші кезеңінде педагогтар мен тәртіп сақшыларына салынады. Бұл қызметкерлерге Qazcovid-In вакцинасы салынады деп жоспарлануда.
Шымкент қаласында 2020 жылдың24 наурызынан 19 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6040 жағдайы тіркелді. Оның ішінде3075 симптомды, 2965 симптомсыз. Емделіп шыққандар саны – 5 510, қайтыс болғандар - 94. 1 тамыздан 19 ақпанға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды - U07.2) пневмонияның 1445 жағдайы тіркелді.
Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған10 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек - орын бар (жұқпалы - 560, карантин - 500), оның 890 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 170 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 16% құрайды (оның ішінде КВИ 31,ЖРВИ 113, пневмония 26,карантиндік 0).
Шаһарға 21 ақпаннан бастап тағы да 1000 доза белгіленген мекемелерге жеткізіледі.
Айта кетейік, вакцина ерікті түрде және тегін салынады.