Шымкенттік полицейлер күдіктіні қолға түсірді.
Шымкент полициясы танысының аулада тұрған көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың 12 тамызында Шымкент қаласының тұрғыны өз танысының аулада тұрған құлыптанбаған және кілті ішінде болған автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Аталған жайт бойынша көлік иесі Шымкент қаласы полиция департаментіне арызданған.
Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстап, Қаратау ауданының полиция басқармасына жеткізген.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен «Автокөлікті заңсыз иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.