Шымкенттік тұрғынды өлтіріп өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

0
1 193

Қаскүнемнің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алған.


Шымкенттік тұрғынды өлтіріп өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

Шымкентте адам өлтіріп, оны үймен бірге өртеп жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласындағы өртенген үйден жергілікті тұрғынның мәйіті табылған болатын.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғынын өлтірген күдіктіні ұстады. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 100 000 теңгеден астам алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері қаскүнемнің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру», «Қарақшылық» және «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Шымкент қаласының Мамандандырылған тергеу сотымен ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу шаралары жалғасуда.