​ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Қаратау ауданында 200-ге жуық адам тазалық жұмыстарына атсалысты

0
433


​ТАЗА ҚАЗАҚСТАН:  Қаратау ауданында 200-ге жуық адам тазалық жұмыстарына атсалысты

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Нұртас шағынауданындағы Даналық көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды, көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.

Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, бүгінде қаладағы Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдерінде де санитарлық тазалық жұмыстары «Абай» КММ-і тарапынан тұрақты түрде күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылуда.
Жалпы қаланың келбеті - сәулетті үйлер мен жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты.
Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы, Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы, Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 22 рет тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Бөлісу