«Жастар және отбасы істері комитетінің» төрағасы Шымкентке келді

0
582

Іс-сапар барысында Шымкент қаласының төрт ауданында ашылған «Жастар ресурстық орталылықтарын” аралады.


«Жастар және отбасы істері комитетінің» төрағасы Шымкентке келді

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті» төрағасы Байманов Шахмардан Асқарұлы Шымкент қаласына іс-сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс - сапар барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкент қаласының төрт аудандарында ашылған «Жастар ресурстық орталылықтарын” аралады.

Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандық “Жастар ресурстық орталығының” жастар мамандарымен және атқарылған жұмыстарымен танысып, жастар мәселелерін талқылып, қызметкерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ, комитет төрағасы алдағы уақытта жастар саясатын жүзеге асыру, жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асырылуы жөнінде ұсынымдарымен бөлісті.