Жылыту маусымына дайындық: Шымкент қаласының әкімі нысандарды тексерді

0
219


Жылыту маусымына дайындық: Шымкент қаласының әкімі нысандарды тексерді

Шымкентте қала әкімі шаһарды аралау барысында «Түркістан» шағынауданындағы кәріз жүйесінің құрылысымен танысып, тұрғындармен жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Жол белгілері мен бағдаршам орнату жөнінде пікір алмасып, мердігерлерге жұмыс сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, Қаратау ауданындағы Н.Назарбеков көшесіндегі арық желісінің кеңейту жұмыстарын тексеріп, су басу қауіпін азайту мақсатында жүргізіліп жатқан жобалардың барысымен танысты. «Нұрсат-2» шағынауданындағы жылу желілерін ауыстыру және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары да назардан тыс қалмады.
Қала басшысы жаяу аралау кезінде Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылдары, Ғ.Иляев, М.Дулати, Ж.Тыныбаев, Қазыбек би көшелері мен Орталық саябақтың санитарлық жағдайын тексеріп, қосымша жарықтандыру, бейнекамера орнату және жасыл желекті күтіп ұстау бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Бөлісу