Сонымен қатар AIBA ХОК ұсынысынан кейін биыл Ресей мен Беларусь елінде өтуі керек барлық турнирлердің болмайтынын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына халықаралық турнирлерге қатысуға тиым салды, деп жазады vesti.kz.
AIBA Халықаралық Олимпиада комитетінің ұсынысын қабыл алып, ресейлік және беларусь боксшыларын, ресми өкілдерін, төрешілерін барлық турнирден шеттетті.
Егер жуық арада өтетін турнирлерде бұл елдердік өкілдерін алмастырып үлгере алмаса, Ресей мен Беларусь өкілдері бейтарап спортшы ретінде қатысады.
Сонымен қатар AIBA ХОК ұсынысынан кейін биыл Ресей мен Беларусь елінде өтуі керек барлық турнирлердің болмайтынын мәлімдеді.