Ал Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.
ERNUR.KZ. Тұманды Альбионда ерекше футбол ойыны өтті, деп жазады Vesti.kz.
Еуро-2020 жеңімпазы Италия құрамасы мен Америка Кубогінің соңғы иегері Аргентина командасы екі құрлықтың үздігін анықтайтын Финалиссима-2022 Кубогін сарапқа салды. 90 мың жанкүйер сиятын әйгілі Уэмбли стадионындағы матчта мұхиттың ар жағынан келген ойынылардың мерейі үстем болды.
Матчтың 28 минутында Мессиден пас алған "Интер" шабуылшысы Лаутаро Мартинес есеп ашса, бірінші таймның соңғы секундтарында Анхель Ди Мария таблодағы есепі еселеді. Үзілістен кейін еуропалық ұжым қарсылас қақпасына небәрі екі соққы жасай алды. Ойынның соңына қарай Италия чемпионатының жарық жұлдызы Пауло Дибала Доннарумма қақпасына командасының үшінші голын салды. Қорытындысы есеп 3:0.
Осылайша алғаш рет ұйымдастырылған Финалиссима турнирін Оңтүстік Америкадан келген аргентиналықтар жеңді. Ал Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.