28 жастағы Заруцкий астаналық клубта 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
ERNUR.KZ. "Астана" қақпашысы Александр Заруцкий жарақат алып қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр, деп жазады vesti.kz.
Голкипер "Жеңіс" командасына қарсы ойында өкшесін ауыртып алыпты. Бұл жарақат ауыр емес, дегенмен, футболшы бірнеше күн жаттығуға қатыса алмайды.
28 жастағы Заруцкий астаналық клубта 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол карьерасында "Қайсар", "Ертіс", "Атырау", "Қызыл-Жар", "Шахтер" командаларында ойнаған. Қазақстан жастар құрамасында екі матч өткізген.
Еске салайық, ҚПЛ-дің алтыншы турында "Астана" сенсациялық жеңіліске ұшырады. 22 сәуірегі келесі турда астаналықтар өз алаңында "Каспиймен ойнайды".