Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

0
663

​Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.


Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды», - деп сүйіншіледі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті.

«Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті. Бұл – Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль», - делінген хабарламада.

Отандық татами шеберлерінің активінде бір күміс және төрт қола жүлде бар.