11 мамырда жетінші турдың бір ойыны өткізіледі.
ERNUR.KZ. Бүгін, 11 мамырда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры басталады, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгін, 11 мамырда жетінші турдың бір ойыны өткізіледі.
Алдымен 17:00–де "Тұран" (Түркістан) мен "Жетісу" (Талдықорған) жасыл алаңға шығады.
Ал 12 мамырда 17:00–де "Қызылжар" (Петропавл) мен "Ақтөбе", "Елімай" (Семей) мен "Шахтер" (Қарағанды) шеберлік байқасады.
Ал 19:00–де "Жеңіс" (Астана) мен "Қайрат" (Алматы), "Астана" мен "Қайсар" (Қызылорда) ойнайды.
Аталған турды 21.00-де "Ордабасы" (Шымкент) мен "Тобыл" (Қостанай) командалары түйіндейді.
Бұл турдың ойындарын "Qazsport", "Q Football", "Q Arena" телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады.
Айта кетсек, алты турдан кейін 12 ұпаймен "Тобыл" көш басында келе жатса, "Ақтөбе" мен "Астана" 11 ұпаймен күздік үштікте келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталған еді.