Кездесу барысында ағылшындық клубтың басымдығы байқалып тұрды.
ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір ойын нәтижесі белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Екінші ойында «Ливерпуль» (Англия) және «Вильярреал» (Испания) шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ағылшындық клубтың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде «Вильярреал» футболшысы Первис Эступиньян 53-минутта өзінің қақпасына гол соғып алса, 55-минутта «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Маде есепті ұлғайтты.
Осылайша «Ливерпуль» қарсыласын 2:0 есебімен басым түсті.
Екі команда бұған дейін 2016 жылы Еуропа лигасы жартылай финалында кездесті. Алғашқы ойында «Вильярреал» 1:0 есебімен басым түссе, қарымта ойында «Ливерпуль» 3:0 есебімен сүріндірді.
Екі команданың қарымта ойыны 3 мамырға белгіленген.
Еске салсақ, жартылай финалда бүгін, 26 сәуірде «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездесті.