Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

0
837

Қарсыласының есімі белгісіз.


Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам 2019 жылы ол екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.