8 жастағы футболшымыз Еркебұлан Сейдахмет голдар шоуын бастап берді. 39 – минутқа келіп, Станомир Стойловтың шәкірттері қонақтардың қақпасына екінші голды да соқты.
Футболдан Еуропа ұлттар лигасының келесі тур матчтары өтті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Д» тобынан орын алған Қазақстан құрама командасы «Астана Арена» стадионында Андорра құрамасымен кездесті. Қос команданың алғашқы матчында 1:1 есебі тіркелген болатын. Ал, Астанада өткен ойынның басынан жерлестеріміз жылдам шабуылдар ұйымдастырып, 21 – минутта есепті ашты.
18 жастағы футболшымыз Еркебұлан Сейдахмет голдар шоуын бастап берді. 39 – минутқа келіп, Станомир Стойловтың шәкірттері қонақтардың қақпасына екінші голды да соқты. Бұл жолы Бауыржан Тұрыспек анық соққысымен көзге түсті – 2:0.
Үзілістен кейін андорралықтар бір голдың қарымтасын қайтаруға тырысты. Бірақ, «Астана Арена» стадионында оларға гол соғу бақыты бұйырмады. Керісінше күтпеген жерден өз қақпаларына гол соғып алды. 61 – минутта Жозеп Гомес автогол иесіне айналды. 74 – минутта матчтағы соңғы голды Роман Мұртазаев соғып, Қазақстан құрама командасына 4:0 есебіндегі жеңісті келтірді. Бірақ, бұл жеңіс құрама командамыздың жоғары лигага жолдама алуына көмек бермеді. Себебі, топта Грузия құрама командасы 4 ойынның барлығында жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын С лигасына жолдама алды.