Қазақстандық екі футбол клубы өзара келісіп ойнаған деген күдікке ілінді

0
664

Қазіргі уақытта ойынның бейнежазбасы зерттеліп, ресми өкілдерден сұрау алынып жатыр.


Қазақстандық екі футбол клубы өзара келісіп ойнаған деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Петропавлдық «Қызылжар СҚ» және астаналық «SD Family» клубтарының арасындағы ойынды Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тексеретін болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Екінші лигадағы «Қызылжар СК М» – «SD Family» командалары арасындағы Біріншіліктің 3 тобындағы 5-ші кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан қосымша тексеріледі», - делінген ҚКФЛ хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды.

Тексеріс қорытындысы қосымша хабарланады.

Еске сала кетсек, «Қызылжар СК М» мен «SD Family» командалары арасындағы кездесу 16 қазан күні Көкшетау қаласында өтіп, есеп 9:0 нәтижесімен аяқталған болатын.