Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан IFMA Antalya ашық Кубогі өтті.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты хабарлады, деп жазады vesti.kz.
Жастар мен жасөспірімдер күш сынасқан жарысқа Қазақстан 37 спортшы апарды. Нәтижесінде Ұлттық құрама 11 алтын, 8 күміс пен 12 қола медальге қол жеткізіп, жалпы есепте 3 орын алды.
Айта кетейік, Анталия Кубогіне барлығы 31 мемлекетен 780 жуық тай боксының шебері жиналды.