ҚазАқпарат. Қазақстандық Дмитрий Попко Босния және Герцеговинаның Киселяк қаласында өткен ITF турнирінің финалына шыға алмады, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлемнің 360-ракеткасы Д.Попко жарыс барысында үш кездесуінде жеңіске жетті.
Соның ішінде ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 409-орында тұрған аргентиналық Хуан Батиста Отегуиді тартысты бәсекеде 6:7 (9:11), 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші рейтингте 488-орындағы бразилиялық Педро Боскардин Диастан айласын асыра алмады – 3:6, 7:5, 6:7 (4:7).
Өткен аптада Д.Попко АҚШ-тың Пенсакола қаласында осындай додада чемпион атанып, соның нәтижесінде әлемдік рейтингте 413-тен 360-сатыға көтерілген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндіргенін жазған едік.
Ролан Гаррос турнирінде қазақстандықтар жарыс жолынан шығып қалды.
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы челленджер турнирінің финалына шықты.