Қазақстандықтар "Манчестер Юнайтедтің" парақшасын "жаулап алды"

0
456

Бұған дейін Нұрәлі Әліпке "Манчестер Юнайтед" клубы көз тіккені туралы ақпарат тараған.


Қазақстандықтар

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліпке "Манчестер Юнайтед" клубы көз тіккені туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Енді қазақстандық жанкүйерлер МЮ-дің әлеуметтік желідегі парақшаларына "шабуыл" жасап жатыр.


Продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Instagram-дағы стористе аталған клубтың парақшасында жазба қалдыруға шақырған.

Айта кетейік, Нұрәлі Әліп 1999 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген.2008 жылдан бастап жергілікті "Каспийдің" жасөспірімдер футбол клубында ойнаған. 2015 жылы Алматының "Қайрат" академиясына қабылданды. Бірнеше жыл алматылық клубта доп тепті. 2022 жылы Ресейдің "Зенит" командасына ауысты.