Бұл жарысқа ересектер арасында 63 (ерлер - 34, әйелдер - 29) үздік спортшы қатысып жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, аталған додада Қазақстан ерлер құрамасы 4450 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Темірлан Әбдірайымов, Темірхан Сәбденбек, Павел Чередов, Никита Живица қорғады. Бұл сында алтын медалді Оңтүстік Корея командасы қанжығасына байлады. Үздік үштікті Қытай түйіндеді.
Сонымен қатар ерлер арасындағы бәсекеде Темірлан Әбдірайымов жекелей сында 1500 ұпаймен қолаға қол жеткізсе, еліміздің әйелдер құрамасына (3704 ұпай) үшінші орын бұйырды.
Айта кетейік, бұл жарысқа ересектер арасында 63 (ерлер - 34, әйелдер - 29) үздік спортшы қатысып жатыр.