Биылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
ERNUR.KZ. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның бокс құрамасы белгілі болды, деп жазады vesti.kz.
"Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген ҚБФ әлеуметтік желідегі жазбасында.
Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов аталған жарысқа келесі боксшыларды іріктеп алды:
51 келі Сәкен Бибосынов;
57 келі Махмұд Сабырхан;
63,5 келі Ертуған Зейнуллинов;
71 келі Асыланбек Шымбергенов;
80 келі Нұрбек Оралбай;
92 келі Сағындық Тоғамбай;
92+ Қамшыбек Қоңқабаев.
Биылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Бұл жарыста 40 спорт түрінен жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.