Көз жасын ұстай алмады: Қазақстандық Азия чемпионының Олимпиадаға қатысу тағдыры шешілді

0
443

Ұлжан Бангкоктағы турнирге қатысу құқын Астанадағы жарыс нәтижесі бойынша жеңіп алған.


Көз жасын ұстай алмады: Қазақстандық Азия чемпионының Олимпиадаға қатысу тағдыры шешілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Ұлжан Сәрсенбек Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан лицензиялық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады vesti.kz.

54 келі салмақтағы 1/16 финал кезеңінде Ұлжан АҚШ боксшысы Шера Мэй Патрисиомен айқасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Жеңілістен кейін боксшы қыз көз жасын ұстай алмады.

Еске салайық, Ұлжан Бангкоктағы турнирге қатысу құқын Астанадағы жарыс нәтижесі бойынша жеңіп алған. Ол жастар арасына үш дүркін Азия чемпионы.