ҚПЛ-дің тағы бір клубы трансферлік банға түсті

0
711

Халықаралық федерация шешімі аргентиналық футболшының пайдасына шешіліп, ұйым "Ордабасы" клубына трансферлік бан қойды.


ҚПЛ-дің тағы бір клубы трансферлік банға түсті

ERNUR.KZ. "Ордабасының" бұрынғы капитаны Пабло Фонтанелло шымкенттік клубтың қарыздарын қайтармауына байланысты ФИФА-ға шағым түсірді, деп жазады Vesti.kz.

Халықаралық федерация шешімі аргентиналық футболшының пайдасына шешіліп, ұйым "Ордабасы" клубына трансферлік бан қойды.

Фонтанелло шымкенттіктер қатарында бес маусым өткізіп, 2021 жылғы маусымның жартысында командадан кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін трансферлік бан керекулік "Ақсу" командасына қойылған еді.