34 жастағы Матаның "МЮ" командасымен маусым айының соңында келісімшарты аяқталады.
ERNUR.KZ. Ағылшындық "Манчестер Юнайтедтің" испаниялық жартылай қорғаушы Хуан Мата командадан кететінін мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.
34 жастағы Матаның "МЮ" командасымен маусым айының соңында келісімшарты аяқталады. Содан кейін футболшы еркін агент ретінде командадан кетеді. Бұл ақпаратты Матаның өзі де растады.
Айта кетейік, "Манчестер Юнайтедке" Мата 2014 жылдың қаңтарында ауысты. Жалпы "МЮ" сапында испаниялық футболшы 285 кездесуге қатысып, 51 гол соғып, 47 нәтижелі пас берді. Командамен бірге жартылай қорғаушы Англия кубогі, Англия лигасының кубогі, Суперкубок және Еуропа лигасын жеңіп алды.
Еске салайық, "МЮ" кеше командадан Поль Погба мен Джесси Лингардтың кететінін хабарлаған еді. Енді алда клубтан Эрик Бейи, Аарон Ван-Биссака, Эдинсон Кавани, Неманья Матич, Ли Грант, Джесси Лингард және Фил Джонс секілді футболшылар кетуі мүмкін.