Мәскеудегі турнирде өзбек пен қырғыз спортшылары жаппай төбелесті

0
709

50 шақты адам сегіз бұрыш ішінде жаппай төбелесіп кеттті.


Мәскеудегі турнирде өзбек пен қырғыз спортшылары жаппай төбелесті

ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен WEF іріктеу турнирі жаппай төбелеспен аяқталды. Жанжал Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары жекпе-жекке шыққан күні болды, деп жазады vesti.kz.

Өзбек файтер Намазан Самиев жеңістен кейін кез келгенмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Оған бірден қарсылас табылып, стердаун (көз арбасу) ұйымдастырды. Осы кезде Самиев күтпеген жерден алдында тұрған жігітті тізеге салып тепті. Бұл өзгелердің ашуына тиіп, жүгіріп шыққан 50 шақты адам сегіз бұрыш ішінде жаппай төбелесіп кеттті.

Журналист Александр Лютиковтің сөзінше оқиғаны сол жерде болғандардың бірі реттеді. "Өзбектер! Қырғыздар! Біз бауырмыз! Неге бұлай істейсіңдер? Бұл спорт, ондай ондай болады!" - депті ер адам.