50 келіге дейінгілер арасындағы марапаттау рәсімінде болған жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшылар Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында қызық жағдайға тап болды, деп жазады vesti.kz.
50 келіге дейінгілер арасындағы марапаттау рәсімінде болған жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті.
Диана Тюкова мен Дана Асанова еліміздің көк туын шығарғаны бірінші орын алған түрік қызы Чалаян Деря Джеренге ұнамай қалып, ол өз туымен Қазақстан байрағын жауып тастады.
Нәтижесінде қазақ қыздары оңтайлы шешім тауып, көк туымызды көкке көтерді