Ойын кезінде ауыр жарақат алған "Қайрат" футболшысы жансақтау бөлімінде жатыр

0
561

Футболшыға ота жасалды.


Ойын кезінде ауыр жарақат алған

ERNUR.KZ. Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев Қазақстан премьер-лигасы матчында "Ақтөбемен" болған ойында ауыр жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.

Футболшыға ота жасалды. Оқиға Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев "Ақтөбенің" шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған.
"Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы дәрігерлердің қатаң бақылауында", – делінген алматылық клубтың мәлімдемесінде.
Ойын аяқталғаннан кейін алматылықтардың бапкері Кирилл Кекер бұл жеңістің жарақат алған ойыншыға арналатынын айтты.