Айтулы сайыс 16 маусым күні Ақтөбе қаласында басталатын Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі ретінде ұйымдастырылған. Ел чемпионатында облыс құрама командасы 2 медаль алуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

56 келі салмақтағы боксшылар арасында Қазыбек Тұрдыметов пен Борз Дадаев шаршы алаңға шықты.
Мұнда Қазыбек Тұрдыметовтің бағы жанып жеңіске жетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының боксшысы Нұрдәулет Пернебаев №1 облыстық спорт мектебінің түлегі Ернұр Сүндетәліұлына қарсы қолғап түйістірді. Нұрдәулет Пернебаев соңғы раундта бірнеше жойқын соққылар бағыттап, жеңімпаз атанды. Ақтық сайыстары 17 наурыз күні өтеді.