Париж-2024: Бельгия спортшының улануына байланысты триатлон жарысына қатысудан бас тартты

0
346

Триатлоншы бесінші күні қатарынан Париж ауруханаларының бірінде ем алуда.


Париж-2024: Бельгия спортшының улануына байланысты триатлон жарысына қатысудан бас тартты

ERNUR.KZ. Бірнеше күн бұрын бельгиялық триатлоншы Клэр Мишель Сена өзенінде жүзгеннен кейін "ішек таяқшасы" диагнозымен ауруханаға түсті. Осыған байланысты Бельгия құрамасы 5 тамызда Олимпиада ойындарындағы аралас эстафетаға қатысқан жоқ, деп жазады zakon.kz.

De Standaard мәліметтері бойынша, 31 шілдеде Мишель Сена өзенінде триатлонның бірінші кезеңін жүзіп өтті. Сенада бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ойын басталар алдында шомылуға тыйым салынған болатын. Біраз уақыттан кейін спортшы ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаға түсті.

Триатлоншы бесінші күні қатарынан Париж ауруханаларының бірінде ем алуда. Осы жағдайға байланысты бельгия құрамасы 5 тамызда өтетін аралас эстафетаға қатыспауға шешім қабылдады.

Судың сапасына қатысты шағымдар спортшылар тарапынан көптеп келуде. Олардың қатарынада триатлоннан қазақстандық әйелдер құрамасының көшбасшысы Екатерина Шалыгина да бар.