Ресей футбол одағының спорт директоры Андрей Лексаков бірнеше құрамамен жолдастық кездесу өткізуге ниетті екенін айтты.
ERNUR.KZ. Олардың ішінде Қазақстан құрамасы да бар, деп жазады vesti.kz.
"Бізге Азия құрлығындағы құрамалармен жолдастық кездесуге өткізуге рұқсат береді деп ойлаймын. Еуропалықтармен келісімге келу қиын. Бірақ Қытай, Иран, Өзбекстан, Қазақстан тіпті Кореямен де кездесуге болады. Бұл ресейлік футболшылардың дайындығына көмектеседі", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін ФИФА Ресейдің барлық құрамасын халықаралық ойындардан шеттеткен еді. Одан бөлек, ФИФА жуырда бұл елді өз қатарынан шығаруы мүмкін. Мұндай шешім 31 наурыз күні Дохада (Катар) өтетін ұйымның шешімінде қарастырылады.