Бұл күндері Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан XXIX Әлемдік қысқы Универсиада да, Қазақстан құрамасы қоржынына 2 қола, 1 күміс медаль түсті.
Красноярск қаласындағы XXIX Әлемдік қысқы Универсиада да Қазақ туризм және спорт академиясының студенті Асет Дүйсенов шаңғы бойынша жүлделі екінші орынды иеленсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Жанбота Алдабергенова фристайл бойынша 3-орында тұрақтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шорт-тректен ел құрамасы бойынша 3-орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, XXIX Әлемдік қысқы Универсиада ағымдағы жылғы 2 наурызда басталған болатын. Бүгінгі таңда құрама
команда құрамындағы 95 спортшы ел намысын қорғауда. Сайысқа еліміздің жоғары оқу орындарының 17-25 жас аралығындағы
студенттері мен академиялық дәрежесі бар түлектері қатысуда. Жалпы қысқы универсиадада 50 елден келген 3 050 жуық спортшы өз бақтарын сынауда.
Дереккөз: ҚР БҒМ баспасөз қызметі.