Ресейлік спортшы Қазақстан атынан жарысқа қатысуға ресми рұқсат алды

0
776

Сподаренко Қазақстанда туған.


Ресейлік спортшы Қазақстан атынан жарысқа қатысуға ресми рұқсат алды

ERNUR.KZ. Ресейлік жүзуші София Сподаренконың Қазақстан құрамасына ауысқанын World Aquatics растады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Бүкілресейлік жүзу федерациясының президенті Владимир Сальников спортшының ауысу рәсімі келісілгенін айтқан.
Белгілі болғандай, спортшы халықаралық федерацияның келісімінің арқасында 11 тамыздан бастап Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетеді. Сподаренко Қазақстанда туған. Осылайша ол азаматтықты қалпына келтіру арқылы қайта алды.
София Сподаренко 2018 жылы 50 метр қашықтықты баттерфляй әдісі бойынша жүзуден Ресей чемпионы атанды. Ол 2019 жылы Неапольде (Италия) өткен жазғы Универсиадада Ресей құрамасы сапында соңғы рет жарысқа түсті.