​ Саялы Сарыағашта қызметкерлер арасында жарыс өтті

0
1 544

Сайыста арнайы қонаққа келген 50-ден асқан ардагерлер командасы жеңіске жетті.


​ Саялы Сарыағашта қызметкерлер арасында жарыс өтті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Сарыағаш қаласының 50-жылдық күніне орай кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында шағын футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан турнир өтті. 10 команда бақ сынған сайыс Сарыағаш қаласының 50-жылдық күніне орай ұйымдастырылды. Сарыағаш қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен өткен жарыс жоғары деңгейде өткізілді.
Спорт - денсаулық кепілі. Осы ұранды баса назарға алған мемлекеттік қызметшілер доп теуіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға күш салды. Игі шара басты мақсат - қызметкерлердің спортқа деген құлшынысын арттыра отырып, бұқаралық спортты дәріптеу. Жарыс қортындысына келсек 1-орынды Ардагерлер командасы қанжығасына байласа, 2-орында 2020 жұмыспен қамту орталығы иеленді, ал 3-орын «Қазақтелеком» командасы иемдеді.

Айта кетерлігі, финалдық ойында жұмыспен қамту орталығы ойнамай жеңісті «Ардагерлер» командасына берді.

«Біз осымен ғана шектелмейміз, бұл бұқаралық спортты дамыту ісі жалғаса береді. Өйткені дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін спортшыларды дайындау - басты мақсат. Бұл іс жалғасын табады», - деді Сарыағаш қаласының әкімі Сәуле Сүлейменова.